Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігімен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілген елімізде отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Облыстық балалар – жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Туризм және отбасы» тақырыбында өткізілген шараның есебі
Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі.
Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігімен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілген елімізде отбасы күнін мерекелеу шеңберінде Облыстық балалар – жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірме қатысушыларымен және ата-аналарымен 13.09.2019 күні «Туризм және отбасы» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
Шараның негізгі бағыттары: Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу;
Шара барысында ата- аналар орталылықтың жалпы жұмысымен танысып балаларының бос уақытын тиімді ұйымдастырып қосымша экологиялық, өлкену және спорттық бағытта білім беріп отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ат салысып отырған педагог мамандармен және олардың жұмыстарымен жекелей танысты. Орталыққа экскурсия жасау барысында ата-аналар осы мекемедегі көптеген шараларға қатысып нәтижесінде облыс, республика көлемінде танылған оқушыларға дайындалған құрмет тақтасын тамашалап қосымша білімнің бала қабілетін ашудағы зор мүмкіншілігіне куә болды. Шара барысында ата-аналармен жекелей сұхбат жүргізіліп олардың ой-пікірлері тыңдалды. Қонақтар орталық ғимаратында арнайы жасақталған мұражаймен танысып батыс өңіріміз туралы, соның ішінде Орал өңірінің туризмі жайында көптеген қызықты шежірелі ақпаратқа қанық болды. Сонымен қатар шара қонақтары Облыс туризмінің тарихы, дамуы, өркендеуі және бүгінгі қызықты жұмысы туралы, балалардың саяхаты, қызықты демалыстары және жетістіктері туралы фильм тамашалады. Кеш соңында ата-аналар және үйірмешілер естелікке фото суретке түсірілді.
«Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз тауып айтылған. Отбасы – мемлекеттің берік іргесін қалайтын да, дәстүрлерін жалғастыратын да, ұрпақ тәрбиелейтін де қастерлі ұя. Сондықтан, отбасының мызғымас беріктігі мен тұрақтылығы біздің әрқайсымыздың қолымызда.