«JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary»

«JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary»

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қыркүйек айында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына іріктеу кезеңі өтеді.

Ойындар салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беру жүйесіндегі субъектілердегі мектеп спорты мен спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне мемлекет пен қоғамның назарын аудару үшін 5 мыңнан астам жасөспірімді жинайды. Іріктеу кезенің бағдарламасында 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында волейбол, жеңіл атлетика, футзал, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар қарастырылған.

Жарыстар Мектеп спорт федерациясымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен жалпы білім беретін мектептердің спорт нысандарында ұйымдастырылады. Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру сыйлықтары, дипломдар мен түрлі дәрежедегі медальдар күтуде. Қазіргі уақытта Мектеп спорт федерациясы 1000 ауылдық мектептерге спорттық ойын доптарын тегін беруге кірісті. Алматы облысының 72 ауыл мектебі үшін доп тапсыру алғашқы рәсімі Талдықорған қаласында өткізілді.

 

Мектеп спорт федерациясы

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"