7 желтоқсан күні облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының туризм және қауіпсіздік маршруттар бөлімінің ұйымдастыруымен үйірмешілер арасында тау туризм техникасы мен тактикасынан жарыс өткізілді. Бағдарламаға сай кіші, орта, үлкен топ бойынша сайысқа түсті.
Өкінішке орай кіші топтан команда қатыспады. Түске дейін туризм және спорттық бағдарлау бөлімдерінің жоғары топ үйірмешілері бақ сынаса, түстен кейін орта топтың үйірмешілері жарысты. Туризм және қауіпсіздік маршруттар бөлімі және спорттық бағдарлау бөлімдерінің жоғары топтарына «техникалық» қашықтығы, орта топқа «байлам» қашықтығы, ал өлкетану және экология бөлімдерінің орта және жоғары топтарына «эстафета» қашықтығы өткізілді.
Өлкетану және экология бөлімдеріне бір, туризм және спорттық бағдарлау бөлімдеріне жарыстың қорытындысы бөлек есептелді. Қорытындысы бойынша жалпы саны (44 қатысушы) қатысты.
Нәтижесінде жоғары топ «техникалық» қашықтығы бойынша:
1 орын – Спорттық бағдарлаушы үйірмесі (жет.Нурманов Р.Е);
2 орын – Жерұйық үйірмесі (жет.Насипкалиев М.А);
3 орын – Сұңқар үйірмесі (жет.Кенжегалиев А.А).
Орта топ «байлам» қашықтығы (аралас жұп) бойынша:
1 орын – Штурм үйірмесі (жет.Беркингалиев Ф);
2 орын – Экстремалдар үйірмесі (жет.Халенов У);
3 орын – Жас ұлан үйірмесі (жет.Халенов У).
Орта топ «байлам» қашықтығы (ерлер жұбы) бойынша:
1 орын – Жас ұлан үйірмесі (жет.Халенов У);
2 орын – Штурм үйірмесі (жет.Беркингалиев Ф).
«Эстафета» қашықтығы бойынша:
2 орын – Кең дала үйірмесі (жет.Сарсенгалиев Ф);
3 орын – Музей белсенділері (жет.Ескалиева Г).
Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!