«Федоровка – Донецк –Богдановка – Приречное – Тихоновка – Киров – Кеңтүбек - Ақсай» маршруты бойынша І қиындықты дәрежелі жаяу жорығының қорытынды сараптамасы

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында 2019 жылдың қараша айының 30-ы мен желтоқсан айының 6-ы күндері аралығында Жас туристер станциясының ұйымдастыруымен «Федоровка – Донецк –Богдановка – Приречное – Тихоновка – Киров – Кеңтүбек - Ақсай» маршруты бойынша І қиындықты дәрежелі жаяу жорығы өткізілді. Жаяу жорығына қатысушылардың адамгершілік және азаматық – патриоттық сезімге тәрбиелеу, жас туристердің туристік біліктіліктерін арттыру мақсатында оздырылды.

Жаяу жорығына қатысушылардың құрамында: Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтары Сабитов А.Т, Изимгалий А.С, Тлепқали А.С, Ералиев Т.К, Қасым Н.Р, Сагиналиев И.Е (Ақсай қ. № 3 ЖОББМ) Мергенбаев Т.А (Ақсай қ. № 5 ЖОББМ), Қуандыков М.Т (Ақсай қ. № 6 ЖОББМ), Мухамбеткереев Р.К (Тихонов МБК), Орынов Т.Г (Пугачев МБК,), Еркін Ж.А (Қанай МБК) қатысып қайтса, жаяу жорықшыларға туризм бөлімінің әдіскері Е. Сәрсенгалиев пен Б.Насыров жетекшілері ретінде жорыққа алып шықты.
Теректі ауданы Федоровка елдімекенінен бастау алған жаяу жорығы сызықты типте ұйымдастырылды, маршрут бойында орналасқан Федоровка, Донецк, Богдановка, Придорожный, Приречное, Тихоновка, Киров, – Кеңтүбек, Бақтыарал, Ақсай елдімекендерін қамтыды. 137 шақырымға созылған жаяу жорығы жоспарға сай жүре отырып, 30 қараша бастау алған болса, 6 желтоқсан күні аман сау жорықты аяқтады. Көршілес екі елді мекеннің табиғатымен, тұрмыс тіршілігімен, тарихымен танысуда топонимикалық, картографиялық, өлкетанулық зерттеулерден кейін мол ақпаратпен жаяу жорығымыз аяқталды.
Жол бойы адам өмір қауіпсіздігімен қатар, жол ережесін есте сақтауды ұмытпаған жаяу жорықшылары жиған білгендеріне қосып, іс тәжірибесі артып, жаяу жорығын мақсатына жеткізді.

Есеп беруші:        туризм бөлімінің меңгерушісі А.Сабитов

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"