Колледж лига жарыстарының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы

Облыстық білім басқармасының 2019 жылдың 22 қарашадағы №780 бұйрығына сәйкес, желтоқсан айының 3,5,7 күндері Бөрлі ауданы,Бөрлі колледжі басзасында  колледж оқушылары арасындағы волейбол,баскетбол және шағын футболдан облыстық кезеңі өткізілді.

Жарыстың негізгі мақсаты  – оқушыларды дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту, дарынды жас спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту.
Жарысқа барлығы аймақтық кезеңнен 1 және 2 орын алған 13 колледж қатысты.Жалпы 33 комада (280 қатысушы) тіркелді. Төрешілер алқасы  Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж, Орал политехникалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледж, Жоғары аграрлық-техникалық колледж командалары жоғары деңгейдегі дайындықпен келгендерін атап өтті.
Жарысқа қатыспаған колледждер қатыспау себебін анықтап, техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдері келесі жылдары барлық жоспарланған командалардың қатысуын қамтамасыз етсін.        
Лиганың облыстық кезеңіне қатысқан колледждер тізімі:
1.    Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж;
2.    Орал гуманитарлық-техникалық колледж;
3.    Орал «Сервис» технологиялық колледжі;
4.    Батыс Қазақстан инженерлік техникалық колледжі;
5.    Жаңақала колледжі;
6.    Ақсай техникалық колледжі;
7.    "Сервис және жана технологиялар колледжі;
8.    Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;
9.    Орал политехникалық колледжі;
10.    Тасқала колледжі;
11.    Жоғары аграрлық-техникалық колледжі
12.    Бөрлі колледжі;
13.     Теректі колледжі.
3 желтоқсан күні (ұ,қ) колледж оқушылары арасында волейбол жарысы өтті. Жалпы  10 команда 89 қатысушы болды.Соның ішінде, ұлдардан 6 команда (56), қыздар 4 команда (33) қатысты. 
Хаттамаларға сәйкес жүлделі орындарға ие болғандар, ұлдар арасында:
1 орын –  Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж;
2 орын – Тасқала колледжі
3 орын – Бөрлі колледжі;
Қыздар арасында:
1 орын –  Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж;
2 орын – Орал «Сервис» технологиялық колледжі;
3 орын – Жоғары аграрлық-техникалық колледжі.
5 желтоқсан күні (ұ,қ) колледж оқушылары арасында баскетбол жарысы өтті. Жалпы 10 команда 87 қатысушы болды.Соның ішінде, ұлдардан 6 команда (54), қыздар 4 команда (33) қатысты. 
Хаттамаларға сәйкес жүлделі орындарға ие болғандар, ұлдар арасында:
1 орын – Орал гуманитарлық-техникалық колледж;
2 орын – Теректі колледжі
3 орын – Жоғары аграрлық-техникалық колледжі
Қыздар арасында:
1 орын – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж;
2 орын – Бөрлі колледжі;
3 орын – Жоғары аграрлық-техникалық колледжі 7 желтоқсан күні (ұ,қ) колледж оқушылары арсында шағын футболдан  жарыс өтті. Жалпы  13 команда 104 қатысушы болды.Соның ішінде, ұлдардан 8 команда (63), қыздар 5 команда (41) қатысты. 
Хаттамаларға сәйкес жүлделі орындарға ие болғандар, ұлдар арасында:
1 орын –  Ақсай техникалық колледжі;
2 орын – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж;
3 орын – Орал гуманитарлық-техникалық колледж.
Қыздар арасында:
1 орын – Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжі;
2 орын – Орал гуманитарлық-техникалық колледж;
3 орын – Орал «Сервис» технологиялық колледжі. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар I, II, III дәрежелі облыстық білім басқармасының грамоталарымен және жеңімпаздар кубоктармен  марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"