2019 жылдың 9-10 желтоқсан аралығында «Жайық бассейніне - таза жағалау және достық қарым-қатынас» акциясы шеңберінде «Біздің Жайық - наш Урал» экологиялық – туристік қозғалысының ұйымдастыруымен қалалық «Атамекен» орталығы базасында және Жастар мен оқушылар сарайында халықаралық фестиваль өтті.
Фестивальге біздің облыс аудандарының командаларымен қоса, қонақ ретінде көршілес Ресей Федерациясының Орынбор облысының Ташлинский, Первомайский, Илек аудандарының және Орынбор қаласынан келген командалар қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен біздің тәрбиеленушіміз Аймагамбетова Салтанат жетекшісі Н.А.Капустина фестивальдің үздік қысқа мәтінді суреті және үздік бейнеролигі аталымында орталықтың «Жайық-Урал» ролигі үздік деп танылды.