Мектеп лига жарысының облыстық кезеңі

Облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес мектеп лига жарыстарының футзал кезеңі қорытындыланды.
Жарыстың мақсаты: Оқушыларды дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту, дарынды жас спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп оқушылары арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту.

1-кезең. 11-12 желтоқсан оқушылары күндері 5-6 сынып аралығында ұлдар мен қыздар арасында  №46 ЖОББМ және №37 ЖОББМ-де футзалдан жарыс өтті. Жалпы  11 команда 114 қатысушы болды.Соның ішінде, ұлдардан 8 команда (84), қыздар 3 команда (30) қатысты.

Хаттамаларға сәйкес ұлдар арасында:
1     орын –  Орал қаласы №42 «Ақ Ниет» гимназиясы
2     орын – Тасқала ауданы Қ.Сәтбаев ат. ЖОББМ
3 орын – Орал қаласы С.Сейфуллин ат. №11қазақ мектеп интернат кешені
Қыздар арасында:
1 орын – Орал қаласы №17 ЖОББМ
2 орын – Ақжайық ауданы, Бітік мектеп-балабақша кешені
3 орын – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №2 ЖОББМ 2-кезең.16-19 желтоқсан 7-8 сынып аралығында ұлдар мен қыздар арасында «Орал» СК және М.Өтемісұлы ат.БҚМУ Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде  футзалдан жарыс өткізілді. Жалпы  17 команда 183 қатысушы болды. Соның ішінде, ұлдардан 12 команда (131), қыздар 5 команда (52) қатысты.  
Хаттамаларға сәйкес ұлдар арасында:
1 орын –  Орал қаласы №21 ЖОББМ
2 орын – Жаңақала ауданы,№3 ЖОББҚМ 
3 орын – Бөрлі ауданы,Ақсай қаласының №3 ЖОББМ
Қыздар арасында:
1 орын – Орал қаласы №17 ЖОББМ
2 орын – Теректі ауданы Шаған ЖОББМ
3 орын – Ақжайык ауданы, Бітік МБК 3-кезең. 24-26 желтоқсан 9-11 сынып аралығында ұлдар мен қыздар арасында «Орал» СК және М.Өтемісұлы ат.БҚМУ Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде  футзалдан жарыс өткізілді. Жалпы  15 команда 88 қатысушы болды. Соның ішінде, ұлдардан 9 команда (95), қыздар 6 команда (66) қатысты.  
Хаттамаларға сәйкес ұлдар арасында:
1 орын – Сырым ауданы,  Жымпиты ауылы Қ.Мырза Әлі атындағы ЖОББМ
2 орын – Орал қаласы №44 МГ
3 орын – Жаңақала ауданы, №3 ЖОББМ
Қыздар арасында:
1 орын – Бөрлі ауданы, Ақсай №1 мектеп-балабақша кешені
2 орын – Теректі ауданы Шаған ЖОББМ
3 орын – Орал қаласы №9 ЖОББМ

Жарысқа қатысушылар арнайы кубок, медаль, дипломдармен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"