Оқушыларға арналған қысқы жаңа жылдық бағдарлама

Қысқы демалыс пен жаңа жылдық мерекелер әрбір оқушының асыға күтетін уақыты.Себебі қыс – керемет көңіл күй сыйлайтын аязды таза ауа, қарлы кез.  2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап ОБЖТжЭО-ы «Евразия» ТСК мен «Самал» ТЛ-де оқушыларға, үйірмешілерге арналған қысқы жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастыруда.

Сауықтыру лагерлерінде балаларға демалуға, демалыс уақытын тиімді пайдалануға, мәдениетті және салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. «Евразия», «Самал»   сауықтыру лагерлерінің материалдық базасы және инфрақұрылымы жақсы дамыған. Балалар үшін жайлы жылы бөлмелер, акт залы, спорт алаңдары,  топтық жұмыс бөлмелері, шаңғы базасы, жабдықталған медициналық бөлме бар. Демалысқа келген оқушылар шаңғы, коньки теуіп, тюбингімен сырғанап, спорттық эстафетада жарысып таза ауада уақыттарын жақсы өткізеді. Далада демалғаннан кейін балалар туристік кешен аумағында орналасқан асханадан түскі аспен тамақтанып, орталық педагогтары ұйымдастырған жаңа жылдық мерекелік кешке қатысады.  Біздің орталық мүмкіндігінше балалардың белсенді және қызықты демалуын қамтамасыз етеді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"