Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік!
Өткен 2019 жылы Батыс Қазақстан облысында терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру бойынша 4 факті тіркеліп, оның бәрі ізі суытылмай анықталып ашылды.
Анонимдік хабарлама берудің негізгі мотиві мас күйіндегі азаматтардың бұзақылық ниеттері.
Атап айтқанда, жалған анонимдік хабарлама берген «Ш.А.» деген Орал қаласының тұрғынына «Терроризм актісі туралы жалған хабарлама» Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273 бабы бойынша 2,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасытағайындалып, келтірілген шығындар (жедел медициналық жәрдем, өрт сөндіру мен апаттан құтқару қызметтерін, жедел тергеу топтары мен арнайы жасақтарды шақырту мен жұмыс істеуі)қайтарылды.
Ата-аналар мен жасөспірімдердің назарына - аталған бап бойынша қылмыстық жауапкершілік14 жастан басталады.
Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру көп жағдайларда адамдар арасында абыржу, тәртіпсіздік туғызады, мемлекеттік басқа да мекемелердің, кәсіпорындардың, көліктің бірқалыпты жұмыс істеу ырқын бұзады. Мұндай хабарлауға сенген мемлекеттік органдар, жекелеген адамдар әбігерге түсіп, дайындалып жатқан террорлық актіні тойтару үшін ұйымдастырушылық техникалық шаралар өткізуге мәжбүр болады.
Жергілікті халықтың назарына, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар берген тұлға құқық қорғау органдарында бар заманауи техникалық мүмкіндіктері арқылы тез арада анықталып құрықталады.
БҚО Терроризмге қарсы комиссия аппараты