Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Колледж оқушыларының І-ші қысқы Спартакиадасының» шеңберіндегі үстел теннисі жарысының өткізілуі туралы ақпарат

Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының қолдауымен, ағымдағы жылдың 8 ақпан-18 наурыз аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған колледж оқушыларының І-ші қысқы Спартакиадасының облыстық кезеңін ұйымдастыруда. Спартакиада спорттың 10 түрі яғни, үстел теннисі, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, футзал, баскетбол, волейбол, шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, қысқы спорттық бағдарлау бойынша оздырылуда.

Осыған орай 08 ақпан күні үстел теннисінен Спартакиаданың ұлдар және қыздар арасындағы алғашқы жарысы өткізілді. Жарысқа облыс бойынша барлығы 20 кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінен спортшылар қатысып бақ сынады.

Нәтижесінде ұлдар арасында:

1 орын – Ибрагимов Нұрхан(Жоғары инженерлік техникалық колледжі)

2 орын – Сарсенгалиев Қадыр(М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі)

3 орын –Болғанбаев Нұрбек(А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі)

Қыздар арасында:

1 орын –Уразбаева Алма(Ж.Досмухамедов ат. жоғары пед. колледжі)

2 орын – Еслямгалиева Асыл(Құрманғазы атындағы саз колледжі)

3 орын – Жолантаева Лунара(Теректі колледжі) иеленді.

Жарысқа Орал қаласында орналасқан 16 колледж және Теректі, Жәнібек, Сырым, Тасқала, Бөкейордасы, Казталов ауданы колледждерінің командалары белсене қатысты.

Қатыспаған: Ақжайық ауданы, Бөрлі ауданы, Қаратөбе ауданы, Бәйтерек ауданы, Жаңақала ауданы, Шыңғырлау ауданы. Спартакиаданың келесі жарыстары ұлттық спорт түрлері яғни, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бойынша 17-18 ақпан күндері «Деркул» спорт кешенінде өткізілу жоспарлануда.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"