«Ақшақар 2020» жарысы

Білім басқармасының 2020 жылғы 20 қаңтардағы №27 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 4-7 ақпан күндері аралығында «Еуразия» туристік сауықтыру кешенінде шаңғы туризмінен облыстық жарыс өткізу, жастарды тәрбиелеу және олардың туристік-спорттық дайындықтарын дамыту, қоршаған ортаны салауатты қолдану дағдыларына тәрбиелеу, жастарды сауықтыру, рухани және табиғи жетілдіру мақсатында өткізілді.

Жарысқа 10 аудан және Орал қаласынан жалпы 92 оқушы қатысты. Жарыс бағдарламасы «Жеке», «Эстафета», «Кросс-жорық», қашықтығы бойынша қатысушылар өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Сонымен қатар, «Командалардың ең үздік қойылымы», «Экспресс парақтар», «Жорық туралы есеп», «Тағамдар» байқаулары ұйымдастырылды.
Оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен, кубок және медальдармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:
1 орын – Ақжайық ауданының командасы;
2 орын – Теректі ауданының командасы;
3 орын – Бәйтерек ауданының командасы.
Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"