Үйірмешілер жетістігі

БҚО Бөрлі ауданының бокс спорт түрінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 2020 жылдың 13-16 ақпан күндері 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ақсай қаласының «Қарашығанақ» спорт кешенінде әуесқой бокстан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирге барлығы 23 командадан 177 спортшы қатысып бақ сынады. Аталған шараға ОБЖТжЭО қосымша білім беру педагогі, жаттықтырушы Д.Қуанышалиевтің «Алтын қолғап» үйірмесінің  оқушыларыда қатысып жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Мұрат Ершат – 3 орын және Талапов Ақболат – 3 орын иеленіп өте жақсы тәжірибе жинақтап қайтты.

Айта кету керек бұл оқушылар облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына облыстық білім басқармасының бұйрығының негізінде 2018 жылы енгізілген «Дене шынықтыру және спорт» бөлімінің жанынан ашылған,  Даурен Қуанышалиев жетекшілік ететін бокс үйірмесіне алғашқы жыл қатысып жүрген жасөспірімдер.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, алар асуларыңыз көп болсын!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"