Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған шаңғы жорығы.

2020 жылдың 21-22 ақпан аралығында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Музей белсенділері» үйірмесі (жетекшісі Ескалиева Г.Т)  «№49 ЖОББМ-«Евразия» ТСК- Октябрь ауылы-«Евразия»ТСК-№49 ЖОББМ» маршрутымен туған өлкені сүюге, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу, еңбек және тыл ардагерлерімен кездесу, балалар туризмін дамытуға үлес қосу, өлке тарихын жинақтау мақсатында шаңғы жорығы ұйымдастырылды.   

Жорық  алдында жорық бұйрығы, жорық жобасы, жоспары, оқушылар тізімі бекітіліп, ата – аналардан қолхат алынып, әр оқушыға жорық міндеттері бөлініп, тапсырма берілді. Жорыққа қатысушылар жол жүру ережелерімен танысып, сынақ тапсырды.  8 шақырымдық танымдық шаңғы жорығы қызықты әрі туристік-өлкетанулық түсінікке сай жоспарлы орындалды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"