«Ұлпақар 2020» жарысы

22 ақпан күні облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының туризм және қауіпсіздік маршруттар бөлімінің ұйымдастыруымен үйірмешілер арасында «Ұлпақар 2020» шаңғы туризм техникасы мен тактикасынан жарыс өткізілді. Бағдарламаға сай туризм  және қауіпсіздік маршруттар бөлімі, спорттық бағдарлау, өлкетану, экология бөлімдерінің үйірмешілері орта және үлкен топтар бойынша сайысқа түсті.

Түске дейін өлкетану, экология бөлімдерінің үйірмешілеріне «шаңғы кедергілер жолағы» қашықтығы, түстен кейін туризм және спорттық бағдарлау бөлімдерінің орта топ үйірмешілеріне «эстафета» қашықтығы, жоғары топ үйірмешілеріне  «кіші кросс-жорық» қашықтығы өткізілді.

Өлкетану және экология бөлімдеріне бір,  туризм және спорттық бағдарлау бөлімдеріне жарыстың қорытындысы бөлек есептелді. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы саны 8 орта, 6 жоғары топ (70 қатысушы) қатысты.
Нәтижесінде жоғары топ «кіші кросс-жорық» қашықтығы бойынша(туризм және спорттық бағдарлау бөлімдері):
1 орын – Сұңқар үйірмесі (жет.Кенжегалиев А.А);
2 орын – Атамекен үйірмесі (жет.Насипкалиев М.А);
3 орын – Спорттық бағдарлаушы үйірмесі (жет.Нурманов Р.Е).
Орта топ «эстафета» қашықтығы бойынша:
(туризм және спорттық бағдарлау бөлімдері) 1 орын – Штурм үйірмесі (жет.Беркингалиев Ф);
2 орын – Экстремалдар үйірмесі (жет.Халенов У);
3 орын – Жас ұлан үйірмесі (жет.Халенов У).
«Шаңғы кедергілер жолағы» қашықтығы бойынша:
(өлкетану және экология бөлімдері) 1 орын - Музей белсенділері (жет.Ескалиева Г);
2 орын – Этюд үйірмесі (жет.Петченко С);
3 орын – Геология үйірмесі (жет.Биназарова Г).

Жарыс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!!!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"