Үйірмешілердің жетістігі!

2019 жылғы 4 желтоқсан – 2020 жылғы 17 ақпан аралығында  ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында "Балалық шағымның аспаны. Тарих. Мақтаныш" республикалық байқауы өткізілді. Байқауға облыстық экологиялық туризм бөлімінің үйірмешілері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Тимур Утешев - 2 орын (15-17 жас) және Никита Плешаков - 3 орын (11-14 жас) жет.Н. А. Капустина, Адина Тулясова және Максим Петров – 3 орын (7-10 жас) жет.Петченко С. В.. Елена Арент, Тамирлан Есмуратов, Камилла Кондудаева, Ясмин Қуанышқалиева, Ерасыл Накенов, Регина Труханова, Карина Кожуховалар сертификаттарға ие болды. Жетекшілері С.В. Петченко мен Н.А. Капустинаға алғыс хаттар табысталды. Құттықтаймыз!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"