Облыстық «Туған жерге саяхат» атты ашық интернет байқауының анонсы

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы «Еріктілер жылы» аясында  2020 жылдың 15 шілде – 14 тамыз аралығында қашықтықтан облыстық «Туған жерге саяхат» ашық интернет байқауын  өткізеді.

Байқаудың мақсаты: жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеу, өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасын тануға қызығушылығын арттыру және Батыс Қазақстан облысы тарихы туралы экскурсия дайындау. Байқауға облысымыздың барлық аудандары мен Орал қаласының мектеп оқушылары қатыса алады.

Қатысушылар өз туған өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері және көрікті жерлері туралы кәсіби бейнеролик ұсынады. Бейнеролик кейіпкерлері: оқушылар, өлкетанушы-тарихшылар, ауыл тұрғындары бола алады.

Байқауға қатысушылар өтінішті 2020 жылдың 15 шілдеге дейін  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. почтасына жіберуі тиіс.

Таңдаулы бейнероликтер орталықтың vk парақшасына (https://vk.com/tourizm07) салынып, белгілі бір мерзімде (18 тамыз сағат 12:00де басталып, 19 тамыз сағат 15:00де аяқталады) дауыс беру арқылы бағаланады. Байқау қорытындысы бойынша үш жүлделі орын тағайындалады.

 Қатысушыларға сәттілік тілейміз!!!

Хэштег:#МОНРК#RUMCDOMONRK#Білімбасқармасы#ТуризмЗКО#Туған жерге саяхат#Жазғы демалыс

 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"