21 маусым «Әкелер күні» мерекесіне орай, көпбейінді спорттық туризмнен «Менің Әкем - Турист» атты онлайн ашық жарысы челлендж түрінде бастау алд. Челлендж 2020 жылдың 15-30 маусым аралығында өтті. Жарыс қатысушылардың туризмге деген қызығушылығын арттыру, туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық ұйымшылдықты дамыту (ата-анамен баланың қарым-қатынасын белсендіру) мақсатында өткізілді.
Бағдарламаға сай, жарысқа Орал облысының аудандарынан 15 жанұя қатысты.
Жарыс бағдарламасы екі бөлімнен тұрды: «Туристік кедергілер жолағы» қашықтығы және «Үздік видеофильм» байқауы.
Облыстық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығы аумағында жарыстың шарттарына сәйкес қашықтық жабдықталып, тілек білдірген отбасылар үшін үлкен отбасылық шара басталды. Байқауға Облыстық балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығының, Ақжайық, Теректі, Жәнібек, Бөрлі және Шыңғырлау туризм орталықтарының үйірмешілерінің отбасы мүшелері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша
«Туристік кедергілер» қашықтығында
І орын – Аяповтар отбасы (Казталов ауданы)
ІІ орын – Куспангалиевтер отбасы (Ақжайық ауданы)
ІІІ орын – Умбеталиевтер отбасы (Бөрлі ауданы)
«Бейнеролик» байқауында
І орын – Кусайновтар отбасы (Шыңғырлау ауданы)
ІІ орын – Машаевтар отбасы (Жәнібек ауданы)
ІІІ орын – Утеуовтар отбасы (Ақжайық ауданы)
«Менің әкем – Турист» ашық онлайн жарысының жеңімпаздары
І орын - Аяповтар отбасы (Казталов ауданы)
ІІ орын – Дуйсенгалиевтер отбасы (Теректі ауданы)
ІІІ орын – Машаевтар отбасы (Жәнібек ауданы)
«Менің әкем – Турист» ашық онлайн жарысының жеңімпаздарын ұйымдастырушылар атынан шын жүректен құттықтаймыз!!!
#МОНРК#БІЛІМБАСҚАРМАСЫ,#Әкелер күні #БҚО #Туризм#Жазғы демалыс