«ӘЛЕМ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» атты шығармашылық онлайн көрме!

2020 жылдың 1 маусымында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының  60 жылдығына арналған «Әлем балалар көзімен» атты балалардың көркем шығармашылығының онлайн көрмесі ашылып, ол айдың соңына дейін жалғасады.

Көрменің басты мақсаты – оқушылардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту, сурет салу, логикалық ойлау, есте сақтау, қиял мен шығармашылық дағдыларын дамыту. Көрмеде қосымша білім беру педагогтары  Наталья Капустина мен Светлана Петченконың жетекшілігімен «Этюд», «Этюд 2», «Радуга, «Краски», «Акварель», «Палитра», «Радуга» бейнелеу-туристік үйірме оқушыларының 173 жұмысы ұсынылды.     Жұмыстар: акварельмен, майлы бояумен, гуашьпен, батикпен, қарындашпен, кофе, пастельмен және т.б. әртүрлі материалдармен орындалған.
Туристік, өлкетану және экологиялық бағытындағы  әртүрлі техникамен орындалған балалардың шығармашылық жұмыстары қоршаған ортаны және табиғаттың сұлулығын қабылдауы көрініс тапқан. Жас суретшілердің тамаша туындылары ата-аналар мен педагогтердің мақтанышына айналып отыр.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"