Спорттық бағдарлаудан өткізілген облыстық Х «Батыс Азимут» жарысының қорытындысы туралы ақпарат

Облыстық білім басқармасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 802 бұйрығына сәйкес осы жылдың 4-6 қазан аралығында «Евразия» туристік сауықтыру кешенінде спорттық бағдарлаудан облыстық Х «Батыс Азимут» ашық жарысы өткізілді. Жарыс спортшылардың спорттық бағдарлау дайындығын дамыту, спорттық бағдарлауды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, республикалық жарыстарға үздік спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.

Жарыс қатысушылары 4 қашықтық бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы осы қашықтықтар көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша жинақталып шығарылды.
Жарысқа облыс аудандары мен Орал қаласынан 212 қатысушысымен 16 команда қатысты: Атырау облысы, Ақтөбе облысы, Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Бөкейорда, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау, Казталов, Қаратөбе, Теректі, Жаңғала аудандары мен Орал қаласынан «Атамекен», Технологиялық колледж, № 6 ЖОББМ, Облыстық туризм және экология орталығының үйірмелері. Жарысқа Жәнібек ауданының командасы қатыспады.

Хаттамаларға сәйкес жалпыкомандалық орындар төмендегідей бөлінді:
I орын Зеленов командасы
II орын Қаратөбе ауданының командасы
III орын Ақжайық ауданының командасы
Жалпы алғанда былтырғы жарыспен салыстырғанда спортшылардың дайындық деңгейінің жоғарылағаны байқалады. Жазғы шатырлы лагерде демалып, оқу – жаттығу жиынына қатысқан спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, биік тұғырлардан көптеп көрінді. Шараның тиімділігін арттыру үшін аудандық жарыстардың ұйымдастырылу және өткізілу деңгейіне назар аудару, үйірмелер санын көбейту, материалдық-техникалық базаны нығайту, спорттық бағдарлау семинарларын өткізу, аудан мектептері базасында жаттығуға арналған полигондар, спорттық бағдарлауға арналған полигондар санын арттыру мен карта жасауды көптеп қолға алу керек.


Х открытые областные соревнования по спортивному ориентированию «Батыс-Азимут».

Соревнования проводились 4-6 октября в туристско-оздоровительном комплексе «Евразия» в целях пропаганды спортивного ориентирования, развития спортивной подготовки молодежи и выявления лучших спортсменов области для участия в Республиканских соревнованиях. Участники соревнований - команды районных и городских школ, средних и высших учебных заведений, а также команды районных и городского центров и станций детского туризма. Всего в областных соревнованиях приняло участие 212 человек/16 команд из городов: Атырау, Актюбинск, г.Уральск («Атамекен», технологический колледж, СОШ № 6, кружки областного центра детско – юношеского туризма и экологии) и из районов ЗКО: Акжайыкский, Бурлинский, Зеленовский, Бокейординский, Сырымский, Таскалинский, Чингирлауский, Казталовский, Қаратобинский, Теректинский, Жангалинский. В состязании не приняла участие команда Жанибекского района.
В программу соревнований вошли такие дистанции:
«Дистанция по выбору»,
«Длинная масстарт»,
«Ночное ориентирование»,
«Суперспринт».
Согласно протоколу места в общекомандном зачете распределились следующим образом:
I место команда Зеленовского района
II место команда Каратобинского района
III место команда Акжайыкского района Сравнивая данные соревнования с прошлым годом, следует отметить улучшение подготовки спортсменов. После летного отдыха большинство спортсменов показали хорошие результаты.
Для повышения эффективности данного ежегодно проводимого мероприятия необходимо обратить внимание на укрепление материально-технической базы, следует расширить количество кружков по спортивному ориентированию, проводить семинары по спортивному ориентированию на базе районных школ, увеличивать количество полигонов для подготовки к соревнованиям и для спортивного ориентирование, делать карты.

Облыстық Х «Батыс-Азимут» спорттык бағдарлаудан ашық жарысының ережесі

Облыстық Х «Батыс Азимут 2017» ашық жарысының қорытындысы туралы

Бұйрық

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"