2007-2008 ж.т. қыздар арасындағы облыстық «Былғары доп» турнирі

26-28  мамыр  аралығында  Орал қ.  «Жастар»  стадионында  футболдан 2007-2008 ж.т.  қыздар  арасында облыстық «Былғары доп» турнирі өтті.
Турнирге 3 команда, соның ішінде 2 аудан (Теректі, Шыңғырлау), Орал қ. (№17 ЖОББМ) , жалпы 41  жас футболшылар қатысты.
Турнир облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, БҚО футбол қауымдастығы және БҚО әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жалпы командалық есептегі нәтиже:
1 орын – Орал қаласы(№17  ЖОББМ)
2 орын –Теректі ауданы(Шаған ЖОББМ)
3 орын – Шыңғырлау ауданы(Л.Қылышев  атындағы ОЖББМ)
Жарыс нәтижесі бойынша жас былғары доп шеберлері келесі номинациялармен марапатталды:
1.«Үздік қақпашы» –Журмагамбетова Алмира (Шыңғырлау ауданы,Л.Қылышев  атындағы ОЖББМ)
2.«Үздік сұрмерген» –Толкачева Дарья(Орал қаласы ,№17  ЖОББМ)
3.«Үздік ойыншы» –Пересунько Вероника(Орал қаласы ,№17  ЖОББМ)
4.«Үздік шабуылшы» -Шынболатова Айнара(Теректі ауданы,Шаған ЖОББМ)
5.«Үздік қорғаушы» – Рахимберлиева Жанерке (Теректі ауданы,Шаған ЖОББМ)
6.«Үздік бапкер» –Куденко Алексей (Орал қаласы ,№17  ЖОББМ) 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"