«Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың фестивалінің қорытынды ақпараты

2019 жылдың 29-31мамыр аралығында  Жастар жылы аясында «Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындаушылардың облыстық фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты: бард әндері жанрын дамыту, авторлық әндерді насихаттау, сананың ашықтығына тәрбиелеу, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Фестивальге 13 команда  78 қатысушы  қатысты.  Оның ішінде: 12 аудан, 1 колледж (Орал ақпараттық технологиялар колледжі). Тасқала ауданының командасы  фестивальге қатыспады.   

Фестиваль 3 жас ерекшелігі (10-12 жас, 13-15 жас,16-18 жас) бойынша өтіп, оқушылар  «Автор», «Ансамбль», «Бардтық және туристік әндерді орындаушы», «Орындаушы» номинациялары бойынша  бақ сынасты.
Шараның қазылар алқасы  М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің және Құрманғазы атындағы саз колледжінің оқытушылары, облыстық филармонияның, жастар мәдениет сарайының  мамандары:Ж. Ғайсағалиев, М. Сарбөпеев, Қ. Едиров,  М. Амирхан, М.Сарбупиев, Е. Ларцева, А.Шукеев, О.Хибашев  қазылар алқасының құрамында жас таланттардың шығармашылығын саралады. Жаскелең Орынбасарұлының бастауымен жоғарыда аталған өнер майталмандары жасөспірімдерге кәсіби біліктіліктерін көрсетіп, шеберлік сыныбын ұсынды.

Фестиваль қорытындысы:
10-12 жас ерекшелігінен:
«Гитарамен ән орындаушы» номинация бойынша:
1 орын– Шагирова Эльза (Жәнібек ауданы);
2 орын - Жанатов Ерасыл (Жаңақала ауданы);
3 орын– Гумаров Шерхан (Бәйтерек ауданы);
«Ансамбль» номинациясы бойынша:
1 орын– «Элита» ансамблі (Жәнібек ауданы);
2 орын – «Бәйтерек» ансамблі (Бәйтерек ауданы);
3 орын– «Гитара сазы»ансамблі (Бөрлі ауданы);
13-15 жас ерекшелігінен:
«Бардтық және туристік әндерді орындаушы» номинациясы бойынша:
1 орын– Штрафметова Мария (Орал қаласы);
2 орын –  Сармина Полина (Бәйтерек ауданы);
3 орын– Байтеков Әділ (Сырым ауданы);
«Автор» номинациясы бойынша
1 орын – Мұғалімов Нұрлыбек (Бәйтерек ауданы);
2 орын – Искакова Сымбат (Жәнібек ауданы);
3 орын– Хойшина Алия (Казталов ауданы);
«Ансамбль» номинациясы бойынша
1 орын– «Алые паруса»  ансамблі (Шыңғырлау ауданы);
2 орын –  «Альтаир» ансамблі(Жәнібек ауданы);
3 орын– «Жігіттер»  ансамблі (Бәйтерек ауданы );
16-18 жас ерекшелігінен
«Бардтық  және  туристік әндерді орындаушы»  номинациясы бойынша
1 орын– Хамзина Айшат (Жәнібек ауданы);
2 орын –  Мухитов Мансур (Бәйтерек ауданы);
3 орын – Дайыров Айдарбек (Жаңақала ауданы);
«Автор» номинациясы бойынша
1 орын– Мухитов Мансур (Бәйтерек ауданы);
2 орын – Хамзина Айшат (Жәнібек ауданы);
3 орын– Талапов Бүркіт (Ақжайық ауданы);
«Ансамбль» номинациясы бойынша
1 орын– «Мечта» ансамблі (Бәйтерек ауданы)
2 орын – «Арай» ансамблі (Жәнібек ауданы)
3 орын– «Диверс» ансамблі (Орал ақпараттық коледжі)
Фестиваль 3 жас ерекшелігі  бойынша оқушылардың жұмысы бағаланып I, II, III дәрежелі дипломдармен, грамоталармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар фестивальдің құрметті қонағы, «Меркурий» ЖШС-ның директоры Сариев Дархан Сүндетқалиұлының  демеушілік жасады. Арнайы сыйлықтың иегерлері: Менгалиев Ернур (Бөкейордасы ауданы), Талапов Бүркіт (Ақжайық ауданы), Мусаева Гаухар (Шыңғырлау ауданы).
Шара облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Молодежь Life» телебағдарламасына арнайы тақырып ретінде түсіріліп және аталмыш  телеарнаның жаңалықтарында көрсетілді.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"