Казталов ауданы Сарыөзен жағасында 2019 жылдың 27-29 қазан аралығында «Достық өзені – река дружбы» экологиялық экспедициясы өткізілді. Бұл экспедицияның мақсаты белсенді өмірлік көзқарасы бар жеке тұлғаны және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Экспедицияға 9 аудан, 45 қатысушы қатысты. Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандары мен Орал қаласы қатысқан жоқ. Экспедиция қатысушылары бағдарламаны толығымен орындады. Оқушылар бағдарламаның барлығына белсенді қатысты.