Анонс «Достық өзені-река дружбы» 2019 оқушылардың облыстық экологиялық экспедициясы

Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы қазан айының 27-29 аралығында Казталов ауданы Сарыөзен жағасында «Достық өзені - река дружбы» атты оқушылардың облыстық экологиялық экспедициясы өтеді.

Экспедицияның мақсаты: белсенді өмірлік көзқарасы бар жеке тұлғаны және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экспедицияға туған өлкесінің табиғатын зерттеумен айналысатын Батыс Қазақстан облысының экологиялық отрядтары қатысады.

Экспедиция бағдарламасында: далалық зерттеулердің нәтижелері бойынша жүргізілген ғылыми-зерттеу жобасы жасақталады. Ғылыми-зерттеу полигондарында экологиялық жасақтардың жұмысы (гидрологиялық, геоморфологиялық, геоботаникалық, метеорологиялық зерттеулер және т.б.) қарастырылады. Қатысушылардың зерттеу және табиғатты қорғау жұмыстарын орындауға арналған жабдықтары, сондай-ақ жұмыс бейініне сәйкес дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, құрал-жабдықтар болуы тиіс. Барлығыңызды қатысуға шақырамыз!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"