«Достық өзені – река дружбы» облыстық экологиялық экспедициясы

Казталов ауданы Сарыөзен жағасында 2019 жылдың 27-29 қазан аралығында «Достық өзені – река дружбы» экологиялық экспедициясы өткізілді. Бұл экспедицияның мақсаты белсенді өмірлік  көзқарасы бар жеке тұлғаны және  экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Экспедицияға 9 аудан, 45 қатысушы қатысты. Жаңақала, Сырым, Қаратөбе аудандары мен Орал қаласы қатысқан жоқ. Экспедиция қатысушылары бағдарламаны толығымен орындады. Оқушылар бағдарламаның барлығына белсенді қатысты.

Осы жұмыстар барысында аумақты кешенді зерттеу жүргізілді. Экспедиция өзенде (геоморфология, гидрология, геоботаника, метеорология және т.б.) далалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, «Таза жағалау» акциясы бойынша өзен жағасындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаумен аяқталды. Казталов ауылындағы саябақ аумағында экспедиция мүшелері ағаштардың жас өскіндерін отырғызды.  Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Бәйтерек ауданының, екінші орынды Шыңғырлау ауданының және үшінші орынды Тасқала ауданының жас экологтары иеленді.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"