«Руханият» - Ескалиева Гүлмира Тәлішқызы

Ескалиева Гүлмира Тәлішқызы 

Жоғары білімді, қосымша білім беру педагогы.

Еңбек өтілі: 20 жыл.

Мамандығы: тарих және әлеуметтік пәндер.

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жұмыс жоспарына сай 2019 - 2020 оқу жылының 15 қыркүйегінен Орал қаласы, Сарыарқа шағын ауданындағы №49 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған «Руханият» өлкетанулық үйірмесі жасақталды. Үйірмеге 3 сынып оқушыларынан 15 оқушы қатысады.

Мақсаты: Жасұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, Отансүйгіштікке, азаматтықа, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларының өзіндік дамуын, өзіндік ойлау қабілетін қалыптастыруға жағдай жасау, шығармашылық және интеллектуальдық мүмкіншілігі арқылы өзін-өзі тәрбиелеу қабілетін ашу. Туған өлкенің тарихи, мәдени, рухани мұраларын танып білуге, сақтауға баулу, туған жеріміздегі белгілі тарихи қайраткерлердің, әдебиетшілердің өмірлерін оқып - тану. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы құжаттарды іздестіру және жинастыру, ҚР тұратын халықтардың, ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениетін танып білу. Бос уақыттарын тиімді пайдалануды, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, туристік шеберлікті меңгеру және жетілдіруді көздейді. Жорық, экспедиция, экскурсиялар кезінде туристік дағдылар арқылы тәжірибелер жинақтайды.

2019-2020 оқу жылы

Күнтізбелік тақырыптық жоспары

Оқу бағдарламасы

Сабақ кестесі

Оқушылар тізімі

Фото учащихся кружка «Руханият»

Фотогалерея «Руханият»

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"