БҚО спорттық көпшілік шараларды ұйымдастырады және өткізеді. Міндеттері:
- Облыс оқушыларын денешынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға көптеп тарту.
- Оқушылар арасында спорттық шеберліктерін көтеру.
- Оқыту-үйрету семинарларын, практикумдарын, оқу-жаттығу ашық сабақтарын, жарыстарын және спорттық-сауықтыру лагерьлерін өткізу.
Мақсаттары:
- Спорт және денешынықтыру сабақтарына оқушыларды тартуды көтеру.
- Оқыту-үйрету семинарларын жүйелі ұйымдастыру, өскелең ұрпаққа тәрбие беруде, денешынықтырудың рөлін көтеру, жергілікті тұрғындар арасында денешынықтыру және спортпен айналысуды спорттық-көпшілік ойындар арқылы насихаттау және көпке танымал ету.
- Әскер қатарына шақырылғанға дейінгі жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие берудің рөлін көтеру.
- Спорттың спорттық-көпшілік, әскери-қолданбалы көпсайыс, ұлттық және халықтық түрлері бойынша оқу-жаттығу пункттерін ашу.
- Мектептен тыс жұмыстарға мүмкіндіктегі спорттық көпшілік шараларды (ұлттық ойындар, Спартакиадалар, спорт түрі бойынша мектеп лигасын, Денсаулық күнін) енгізу.
- Облыстық мектептердің спорттық нысандарына жеңілқолжетімділікті қамтамасыз ету.