Ескерткіш Жәнібек ауылында орнатылған. Екі сатылы іргетасқа тұрғызылған, жоғарғы жағында -бес бұрышты жұлдыз бекітілген. Ескерткіш тігінен бір сатылы 2 аумақтағы сөрелермен бөлінген. Төменгі аумағы куб пішіндес, жоғарғысы-пирамида пішендес.Тұғырдың алдынғы жағына «Орда поселкесінде қазақтың тұңғыш әйел-коммунисі, Қазақстанда Кеңесөкіметін орнатуда еңбек сіңірген белгілі қоғам қайраткері Алма Оразбаева дүниеге келді.1898-1943ж.» деген жазуы бар тақтатас бекітілген. Ескерткіш 1967 жылы орнатылған.

Ескерткіш Ақоба ауылында орнатылған. Хаби Халиуллин 1917 жылы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1934-1937 жылдары бірінші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Даңқты комиссар, полк командирі. Украин майданында соғысқан. Ескерткіш екі метрлік бетонды тұғырға толық бойымен тұрған бейнесі қойылған. Мүсінші жас Х.Халиуллиннің гимнастерка киіп тұрған образын берген.Тұғырдың беткі жағында «Хаби Халиуллин.1917-1942» деген жазу бар. Тұғырының бйіктігі 2,5м. Мүсіннің биіктігі 2,5 м.  Ескерткіш орнатылған аумақ абаттандырылып, гүлзарлар жасақталған.

Мемориал тігінен тұрған сынтас /стелла/ және оған жанастыра қызыл кірпіштен қаланған көлденең қабырға түрінде жасалған.Қабырғаның орталық бөлігінде терең емес қуыс қалдырылып, оған Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің фамилиялары ойылып жазылған . 5 мәрмәр тақтатас орнатылған.Көлденең қабырғаның алдыңғы тұсында Отан соғысы ордненінің бейнесі бекітіліп, соғыс жылдарының датасы көрсетілген. Сынтастың алдындағы шаршы алаңда – бес бұрышты жұлдыз түрінде Мәңгілік  алау орнатылған. Сынтастың биіктігі-2м. Жар қабырғасының биіктігі-1,5м. Мемориал 2005 жылы бетоннан құйылған тұғырға орнатылған.

Ескерткіш сұр граниттен жасалған, аласа тумба тәрізді тұғырға тік плита түрінде орнатылған. Тұғыры әктелген. Тұғырдың биіктігі – 0,5 . Гранитті плитаның алдыңғы бетінде «1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш белгі. 1933 ж. 31 мамыр» деген жазу бар. Ескертіш 1993 жылы орнатылған.

Жәнібек ауылында орнатылған.Сары мәрмәр тастан жасалған кеуде мүсіні үш сатылы тұғырға орнатылған.Ескерткіштің жалпы биіктігі-2,5м, кеуде мүсіннің биіктігі-1м.Тұғыр үш сатылы ірге тасқа орнатылып, мәрмәр тақтатаспен қапталған. Тұғырдың алғы  жағында – «Ғұлама ғалым, ұлы ойшыл, ақын Ғұмар Қараш  (1875-1921)деген жазу жазылған.» Мүсінші Ғ.Қараштың келбетіндегі ойшылдықты сипаттаған. 2006 жылы Ғ.Қараштың 130-жылдығына арналып орнатылды. Авторы Ибрагим Мұстажапұлы Айденов.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"