«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің қорытынды ақпараты.

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің қорытынды ақпараты

 

          Білім басқармасының 2024 жылғы 26 наурыздағы №402 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 22–24 сәуір күндері облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті қашықтан

өткізілді.    

          Слетке 12 аудан және Орал қаласынан барлығы 70 білім алушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек аудандары командаларының жақсы дайындықтарын атап өтті.          

        Слет бағдарламасына сәйкес «Жылқы – жеті қазынаның бірі», «Туристік маршруттар» номинациясы, «Туристік әндер» байқауы және «Туристік кедергілер жолағы» қашықтығы кезеңдері бойынша  өткізілді.

      Қазылар алқасының шешімімен слет қорытындысы бойынша төмендегідей орындар берілді.

«Жалпы командалық есеп» бойынша:

І орын – Бөрлі ауданының командасы;

ІІ орын- Бәйтерек ауданының командасы;

ІІІ орын – Ақжайық ауданының командасы.

 «Жылқы – жеті қазынаның бірі» номинациясы бойынша:

І орын –Табылды Раяна (Бәйтерек ауданы Абай МГИ –ның 6-сынып оқушысы);

ІІ орын –Амангелді Айару (Шыңғырлау ауданы Л.Қылышев атындағы ЖОББМ-нің   6-сынып оқушысы);

ІІІ орын – Альтен Бекзат (Сырым ауданы «Жас туристер станциясы» КММ-нің «Алаштану» үйірмесінің 9-сынып оқушысы).

«Туристік маршруттар» номинациясы бойынша: 

І орын – Алтай Мейірбек (Казталов ауданы К.Мендалиев атындағы ЖОББМ  9-сынып оқушысы);

ІІ орын – Қайыржан Ерназар (Ақжайық ауданы М. Өтемісов атындағы ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы);

ІІІ орын – Муратов Армат (Бәйтерек ауданы  І. Есенберлин атындағы ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы).

 «Туристік әндер» байқауы бойынша: 

І орын – Мусаев Рамазан (Казталов ауданы Бостандық  ЖОББМ-нің 11-сынып оқушысы);

ІІ орын – Габдулова Амина (Бөрлі ауданы Пугачев МББК –нің 9- сынып  оқушысы);

ІІІ орын – Истлеу Томирис (Орал қаласы №24 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы).

«Туристік кедергілер жолағы» қашықтығы бойынша:

І  орын – Ақжайық ауданының командасы;

ІІ орын – Қаратөбе ауданының командасы;

ІІІ орын – Бөрлі ауданының командасы.

Жеңімпаздар облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"