Жас ұлан 2024

«Жас ұлан» әскери-спорттық ойынның

облыстық кезеңінің қорытындысы

 

            Білім басқармасының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 215 бұйрығына сәйкес осы жылдың 14-16 наурыз аралығында «Евразия» туристік кешені аумағында «Жас ұлан» әскери-спорттық ойынның облыстық кезеңі өткізілді. Жарыс оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтті.

            Жарысқа облыс аудандарынан және Орал қаласынан 84 қатысушысымен 9 команда қатысты. Жарыс төрешілері Орал қаласы, Бөрлі, Бөкей ордасы аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Қатыспаған командалар: Ақжайық, Қаратөбе, Жаңақала, Теректі аудандары.

Облыстық ойын келесі номинациялар бойынша өткізіліп, жеңімпаздар анықталды:

Тарихи іздеу зерттеу жобасын қорғау

1 орын - Бөкей Ордасы ауданының командасы;

2 орын – Бөрлі ауданының командасы;

3 орын - Жәнібек ауданы командасы командасы.

Әскери кросс

1 орын – Бөрлі ауданының командасы;

2 орын - Казталов ауданының командасы;

3 орын – Сырым ауданының командасы.

Саптық және әндер байқауы:

1 орын – Шыңғырлау ауданының командасы;

2 орын - Казталов ауданының командасы;

3 орын - Бөкей Ордасы ауданының командасы.

Кермеге тартылу сайысы (ұлдар арасында):

1 орын – Орал қаласының командасы;

2 орын - Шыңғырлау ауданының командасы;

3 орын - Тасқала ауданының командасы.

Арқамен жатып денені жерден көтеріп түсіру сайысы (қыздар арасында):

1 орын – Хамитова Ранида, Алтай Кәусар (Сырым ауданының командасы);

1 орын – Аманғос Әселім, Мұнайдар Жансая (Бәйтерек ауданының командасы);

2 орын – Лесова аяулым, Рамазанова Милана (Бөрлі ауданы командасы);

3 орын – Хайруш Нұргүл, Муфтолла Дильназ (Жәнібек ауданының командасы).

Атыс даярлығы  «АК-74 ММГ бөлшектеу және жинау» (ұлдар арасында):

1 орын – Файзолла Еділ (Орал қаласының  командасы);

2 орын – Сапиолла Мадияр (Бөкей ордасы ауданының командасы);

3 орын – Амангелді Мағжан (Сырым ауданының  командасы).

Атыс даярлығы  «АК-74 ММГ бөлшектеу және жинау» (қыздар арасында):

1 орын – Бақтығали Гүлзада (Орал қаласының командасы);

2 орын – Амандық Гүлсезім (Шыңғырлау ауданының командасы);

3 орын – Султаниярова Ризат (Бөкей ордасы ауданы командасы).

Хаттамаларға сәйкес жалпыкомандалық орындар төмендегідей бөлінді:

I орын – Орал қаласының командасы

II орын – Бөрлі ауданының командасы

III орын - Бөкей Ордасы ауданының командасы

Жарыс қорытындысы бойынша төрешілер алқасының шешімімен жеңімпаздар облыс құрамасының тізіміне алынды. Жүлдегерлер Облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі грамоталарымен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталды.

 

Спорттық бағдарлау бөлімінің меңгерушісі                                       Р.Е.Нурманов

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"