Облыстық «Музей вернисажы» фестивалінің қорытындысы

2024 жылдың 13-15 наурыз күндері Батыс  Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен облыстық «Музей вернисажы» фестивалі өткізілді.

      Фестивальдің мақсаты: білім беру мекемелерінің музейлері арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және патриоттыққа тәрбиелеу.

Фестивальге 10 аудан және Орал қаласынан барлығы 62 қатысушы қатысты. Шараға Жәнібек, Тасқала, Шыңғырлау аудандары қатыспады.

     Фестивальдің «Музей театр»  экскурсия бағыты  облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткізіліп, ереже бойынша оқушылар музей экспозициясының тарихи кейіпкерлерінің ролін сомдап, туристік- өлкетанулық   экспедиция жұмысының зерттеу жобалары «Экспедиция  олжасы» бағытында ашылып, музей жәдігерлерінің көрмесі «Музей вернисажы» бағытында ұсынылды.

Фестивальдің қорытындысы бойынша төмендегідей орындар анықталды:

«Музей-театр» экскурсиясы бойынша:

І орын –Ақжайық ауданының командасы;

ІІ орын –Бөрлі ауданының командасы;

ІІ орын– Бөкей ордасы ауданының командасы;

ІІІ орын – Казталов ауданының командасы;

ІІІ орын – Бәйтерек ауданының командасы.

 

«Музей вернисажы» жылжымалы көрмесі бойынша:

І орын –   Аманжол Айнажан/Альбекова Еркежан  (Ақжайық ауданы, О.Исаев атынд.ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы)

ІІ орын –  Казакова Милана–Жарсуат ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы, /Қадырғалиева Милана– Жарсуат ЖОББМ-нің7 сынып оқушысы,  (Бөрлі ауданы  командасы);

ІІ орын –  Қалымжанова Данагүл ( Бәйтерек ауданы,Қ. Аманжолов атындағы ЖОББМ-нің 6 сынып оқушысы) ;

ІІІ орын – Сагидуллина Светлана ( Сырым ауданы, Бұлдырты ЖОББМ-ның 10 сынып оқушысы);

ІІІ орын – Асқар Айару, Мұрат Ақжайна (ОБЖТжЭО-ның үйірме оқушылары);

«Экспедиция олжасы» іздістіру-зерттеу жобасы бойынша:  

І орын – Жәнібекұлы Жоламан (Ақжайық ауданы, М. Өтемісов атынд. ЖОББМ-нің 8 сынып оқушысы);

ІІ орын –Зейнолла Али – Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы, /Кунусова Жасмин Бөрлі ауданының Пугачев МББК-нің 7 сынып оқушысы (Бөрлі ауданының командасы);

ІІ орын–  Баландино Екатерина (Бәйтерек ауданы, Переметный ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы);

ІІІ орын – Сатыбалды Азамат (ОБЖТжЭО-ның үйірме оқушысы);

ІІІ орын – Максим Кәусар (Жаңақала ауданы,Абай ЖОББМ-нің 10 сынып оқушысы).

Мектеп музейлерінің оқу мен тәрбие үрдісіндегі алатын орны ерекше. Оқушыларға ұлттық құндылықтарымсызды дәріптеу арқылы, мәдени, эстетикалық тәрбие бере отырып, мамандық таңдауға жол сілтейді. Фестиваль танымды да тартысты өтіп, қатысушылар арасында достық қарым-қатынасып туғызса, педагогтар бір-бірімен іс-тәжірибе алмасты.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"