2024 жылдың 01-03 наурыз Ұлттық мектеп лига (Баскетбол)

Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі 2024 жылдың 

25 қаңтар – 2 наурыз күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы және Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілуде.

2024 жылдың 1 – 3 наурыз күндері аралығында №4 қосымша білім беру мектеп – орталығы спорт залында 5 – 6 сынып арасында баскетболдан «Алтын доп» жарысы өткізілді. Жарысқа ұлдар арасында 6 команда, қыздар арасында 5 команда, барлығы 94 оқушы қатысты.

Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:

5-6   сынып қыздары арасында:

1 орын – № 9 ЖОББМ (Орал қаласы);

2 орын – Переметный ЖОББМ (Бәйтерек ауданы);

3 орын – Жаңақала ЖОББМ (Жаңақала ауданы).                                                                                                                                                                                                                                           

5-6   сынып ұлдары арасында:

1 орын – Б.Момышұлы ат № 46 ЖОББМ (Орал қаласы);

2 орын – С.Сейфуллин ат № 11 ДБАОММЛИ (Орал қаласы);

3 орын – Х.Есенжанов ат ЖОББМ (Теректі ауданы).

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"