«Ақшақар-2024»

Оқушылар арасында шаңғы туризм техникасынан облыстық

«Ақшақар-2024» жарысының қорытынды ақпараты

Білім басқармасының 2024 жылғы 16 қаңтардағы №40 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың  6-9 ақпан күндері оқушылардың шаңғы туризмі техникасынан дайындық деңгейін арттыру және спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында облыстық жарыс өткізілді.

Жарысқа 10 аудан және Орал қаласынан барлығы 102 оқушы қатысты. Қазылар алқасы Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Жарыс бағдарламасына сәйкес «Байлам», «Жеке», «Техникалық» қашықтықтары жас ерекшеліктеріне байланысты балалар және жасөспірімдер тобы бойынша екі топқа өткізілді.

Жарыстың қорытындысына сай, жалпы командалық есепте нәтиже төмендегідей болды:

1 орын – Бөрлі ауданының командасы

2 орын – Ақжайық ауданының командасы

3 орын – Жәнібек ауданының командасы.

Жүлдегерлер облыстық білім басқармасының грамоталарымен, медальдарымен  және кубоктарымен марапатталды. 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"