Ұлттық мектеп лига (Волейбол)

Ұлттық мектеп лига жарыстарының  облыстық кезеңі  2024 жылдың  25 қаңтар - 2 наурыз  күндері аралығында  облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы және  Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт  басқармасы ұйымдастыруымен өткізілуде.

2024 жылдың  1-3  ақпан  күндері аралығында  №7 ЖОББМ  мен №45 ЖОББМ   спорт залдарында  7-8  сынып арасында волейболдан  «Шұбар доп» 

жарысы өткізілді. Жарысқа ұлдар арасында 11 команда, қыздар арасында  12  команда қатысты, барлығы 216 адам.

Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:

7-8   сынып қыздары арасында:

1 орын – Ақсай қ., № 4 ЖОББМ  (Бөрлі ауданы);

2 орын – №7 ЖОББМ (Орал қаласы );

3 орын  - Бостандық ЖОББМ (Казталов ауданы).                                                                                                                                                                                                                                                  

7-8   сынып ұлдары арасында:

1 орын –  Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейі (Бөрлі ауданы)

2 орын – Қ.Байсықов ат.ЖОББМ (Ақжайық ауданы);

3 орын –  Сәулет мектеп-лицейі (Тасқала ауданы ).

 

«Үздік ойыншы»номинациясы бойынша:

қыздар арасында – Амантаева Малика (Ақсай қаласының №4 ЖОББМ,Бөрлі ауданы);

ұлдар арасында – Байтемиров Аян  (Ақсай қаласының №6 м-л,Бөрлі ауданы);

 

«Үздік шабуылдаушы» номинациясы бойынша:

қыздар арасында – Карлова Парасат (Бостандық ЖОББМ, Казталов ауданы) ;

ұлдар арасында –Аманжолов Қайнар (Қ.Байсықов ат.ЖОББМ,Ақжайық ауданы);

 

«Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша:

қыздар арасында – Джалдыбакова Полина (№7 ЖОББМ,Орал қаласы);

ұлдар арасында – Оразай Жәнгір ( Абай ат.ОДБАММГИ );

 

«Үздік тосқауылшы» номинациясы бойынша:

қыздар арасында – Кубаева Аяла (Сәулет м-л,Тасқала ауданы);

ұлдар арасында – Темірболат Әбілмансұр (Сәулет м-л,Тасқала ауданы );

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"