Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі. «Шұбар доп» волейбол 9-11 сыныптар.

 

  Ұлттық мектеп лига жарыстарының  облыстық кезеңі  2024 жылдың 25 қаңтар - 2 наурыз  күндері аралығында  облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы және  Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт  басқармасы ұйымдастыруымен өткізілуде.

2024 жылдың   25-27 қаңтар күндері аралығында  Назарбаев Зияткерлік мектебі  мен М.Өтемисов ат.БҚУ-нің   спорт залдарында  9-11 сынып арасында волейболдан  «Шұбар доп»  жарысы өткізілді. Жарысқа ұлдар арасында 13 команда, қыздар арасында  13  команда қатысты, барлығы 230 адам.

Жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған:

9-11  сынып қыздары арасында:

1 орын – Ақсай қ., № 4 ЖОББМ  (Бөрлі ауданы);

2 орын – Ғ.Молдашев ат.ЖОББМ (Казталов ауданы );

3 орын  - А.Байтұрсынов ат. №10 ЖОББМ (Орал қ.);

9-11  сынып ұлдары арасында:

1 орын –  Қарасу ЖОББМ (Казталов ауданы)

2 орын – Қаршы ЖОББМ (Ақжайық ауданы);

3 орын –  Приурал МББК (Бөрлі ауданы ).

 

«Үздік ойыншы»номинациясы бойынша:

қыздар арасында – Амангелді Әдемі (Ғ.Молдашев ат ЖОББМ,Казталов ауданы);

ұлдар арасында – Асылбеков Әмір (Қарасу ЖОББМ, Казталов ауданы);

«Үздік шабуылдаушы» номинациясы бойынша:

қыздар арасында – Кинжигалиева Милана (Ақсай қ., №4 ЖОББМ, Бөрлі ауданы) ;

ұлдар арасында – Төлебай Ерасыл (Қаршы ЖОББМ, Ақжайық ауданы);

«Үздік байланыстырушы» номинациясы бойынша:

қыздар арасында – Кумарова Қарақат (А.Байтұрсынов ат.№10 ЖОББМ,Орал қаласы);

ұлдар арасында – Өтепберген Мейрамбек (№47  ЖОББМ,Орал қаласы);

«Үздік тосқауылшы» номинациясы бойынша:

қыздар арасында –Отарғали Нұрсезім (Т.Жароков ат. ЖОББМ, Жәнібек  ауданы);

ұлдар арасында – Сапогин Кирилл (Приурал МББК, Бөрлі ауданы).

 

 

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"