Спорттық бағдарлаудан оқушылар арасындағы «Көктемгі бағдарлау 2023» ашық жарысы мәресіне жетті

Спорттық бағдарлаудан оқушылар арасындағы «Көктемгі бағдарлау 2023» ашық жарысы облыстық білім басқармасының қолдауымен 2023 жылдың 10-12 сәуір аралығында Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.
Жарысқа Сервис және жаңа технологиялар колледжі, Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы, №24 ЖОББМ, Орал қаласының «Атамекен» туризм орталығы және облысымыздың аудандары толығымен қатысты. Жарыс «Спринт», «Ұзақ», «Орта» қашықтықтарын қамтыды. Қашықтықтар Орал қаласының саябақтары, «Евразия» туристік сауықтыру кешенінің аумағы мен «SAYAT Этно-туристік орталығы» ЖШС қарасты «Хан тоғайы» аумағында өтті. Жарысқа 10, 12, 14, 16 жас ерекшелігінде ұлдар мен қыздар қатысты.
Төрешілер алқасы командалардың спорттық бағдарлау деңгейінің өскендігін атап көрсетті.
Спорттық бағдарлаудан оқушылар арасындағы «Көктемгі бағдарлау 2023» ашық жарысының жеңімпаз командалары:
🥇1 орын - Теректі ауданының командасы
🥈2 орын - Бәйтерек ауданының командасы
🥉3 орын - Қаратөбе ауданының командасы. Жекелей сында жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен марапатталды. Аталған жарыс республикалық, халықаралық жарыстарда облысымыздың намысын қорғайтын спортшыларды іріктеу кезеңдерінің бірі болып табылады. Қазірдің өзінде біздің үйірмешілерден жасақталған құрама команда республикалық жарыстарда үнемі биік тұғырлардан көрініп, әлемдік жарыстарда ел намысын қорғауға жолдама иелену үстінде. Жеңімпаздар жүгірумен спорттық бағдарлау бойынша БҚО құрамасына алынады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"