«Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық кезеңі болып өтті

Білім басқармасының 2023 жылғы 3 наурыздағы № 205 бұйрығына сәйкес осы жылдың 27-30 наурыз аралығында «Самал» туристік лагері аумағында «Алау» әскери-спорттық ойынының облыстық кезеңі өткізілді. Жарыс оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтті.
Жарысқа облыс аудандарынан 72 қатысушысымен 8 команда қатысты. Жарыс төрешілері Бәйтерек, Бөкей ордасы, Казталов аудандарының жақсы дайындықтарын атап өтті. Қатыспаған командалар: Ақжайық, Қаратөбе, Жаңақала, Сырым аудандары мен Орал қаласы. Облыстық ойын келесі номинациялар бойынша өткізіліп, жеңімпаздар анықталды:
Тарихи-өлкетану зерттеу жобасын қорғау. «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Ерлік!»:
1 орын - Жәнібек ауданының командасы;
2 орын - Бөкей Ордасы ауданының командасы;
3 орын - Казталов ауданының командасы. Ұлы Отан соғысы кезіндегі патриоттық әннің сахналанған қойылымы.
«Ерлікке жүрегіңмен жақында» байқау-сайысы:
1 орын - Бөкей Ордасы ауданының командасы;
2 орын - Казталов ауданының командасы;
3 орын - Тасқала ауданының командасы. Саптық байқау сайысы:
1 орын - Бөкей Ордасы ауданының командасы;
2 орын - Бәйтерек ауданының командасы;
3 орын - Казталов ауданының командасы. Күштік жаттығулар сайысы:
1 орын - Бөрлі ауданының командасы;
2 орын - Шыңғырлау ауданының командасы;
3 орын - Теректі ауданының командасы. Атыс даярлығы. «АК-74 ММГ бөлшектеу және жинау»:
1 орын - Бәйтерек ауданының командасы;
2 орын - Теректі ауданының командасы;
3 орын - Бөрлі ауданының командасы. Хаттамаларға сәйкес жалпыкомандалық орындар төмендегідей бөлінді:
I орын – Бәйтерек ауданының командасы
II орын - Бөкей Ордасы ауданының командасы
III орын - Казталов ауданының командасы
Жарыс қорытындысы бойынша төрешілер алқасының шешімімен жеңімпаздар облыс құрамасының тізіміне алынды. Жүлдегерлер Облыстық білім басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және командалық кубоктарымен марапатталды.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"