Үйірмешілерге арналған «Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекелік шарасы аталып өтті

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығында 2023 жылдың 20 наурыз күні үйірмешілерге «Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекесі ұйымдастырылды. Киіз үйде қонақ қарсы алу дәстүрімен балаларға бауырсақ пен көже беріліп, орталықтың әдіскерлері шашақты сырға, шашақ бау, «қамар» белбеу, жүннен моншақ жасаудан шеберлік сыныбын көрсетті.

Мереке аясында оқушыларға халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Салт – дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ең үздік білгірі» жұлдызды сәт сайысы өткізілді. Сайысқа үйірмешілер үйден әзірлеп келген ұлттық тағамдары мен ұлттық салт-дәстүрдің көрінісін сахналады. Әртүрлі әдет-ғұрптардың мағынасын түсіндіре отырып, мақал- мәтелдерді жатқа айта білді. Жұлдызды сәт сайысына қатысқан ең үздік үйірмешілер дипломдар және грамоталармен марапатталды.

Үйірмешілердің ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында қол күрес, арқан тарту, гір көтеру, асық ату ұлттық ойындары және тимбилдинг өткізілді. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» ең мықты үйірмешілері дипломдармен марапатталды.

«Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекесіне барлығы 20 үйірмеден 145 оқушы белсенді қатысты.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"