Облыстық «Жанды сабақтар» сырттай байқауы қорытындыланды

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 13 ақпан-13 наурыз аралығында облыстық «Жанды сабақтар» сырттай байқауы өткізілді.
Байқауға барлығы 12 аудан және Орал қаласынан барлығы 24 мектеп музейі, 48 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегідей номинациялар берілді.

«Жанды сабақтар» жобасы номинациясы:
1 орын – Габдуллина Балауса (Тасқала ауданы, Қ.Сәтбаев атд. ЖОББМ);
2 орын – Қыдырғожина Лаззат (Қаратөбе ауданы, мектеп гимназиясы);
3 орын – Тынышпаева Айсәуле (Бәйтерек ауданы, Қ.Аманжолов атд. ЖОББМ).

«Көненің көзі – тарихтың өзі» номинациясы:
1 орын – Самиголла Самира (Бәйтерек ауданы, Қ.Аманжолов атд. ЖОББМ–нің 9 сынып оқушысы);
2 орын – Арманқызы Жансая (Бөкей ордасы ауданы, М.Бегалиева атд. ЖОББМ–нің 10 сынып оқушысы);
3 орын – Файзолла Ақжайна (Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ЖОББМ–нің 7 сынып оқушысы).

Облыстық «Жанды сабақтар» сырттай байқауына мектептің музей белсенділері және пән мұғалімдері белсене қатысып, музей экспозициясымен байланысты сабақтар өткізді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"