Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі 2022 жылдың 12 қазан - 11 желтоқсан күндері аралығында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізіледі.
Ұлттық мектеп лига жарыстарының облыстық кезеңі келесі спорт түрінен өткізледі: жеңіл атлетикалық кросс, тоғызқұмалақ, баскетбол «Алтын доп», волейбол «Шұбар доп», үстел теннисі, шахмат «Ақбозат», футзал «Теңбіл доп».
2022 жылдың 2-4 желтоқсан аралығында №4 ЖОББМ мен ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында волейбол «Шұбар доп» жарысы 9-11 сыныптар арасында өткізілді. Жарысқа ұлдар арасында11 команда, қыздар арасында 10 команда қатысты.
Жеңімпаздар:
Ұлдар арасында:
1 орын - Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ (Теректі ауданы)
2 орын – №44 ЖОББМ (Орал қаласы)
3 орын – №1 Жәнібек мектеп-лицейі, ЖОББМ (Жәнібек ауданы)
Номинация бойынша:
«Үздік тосқауылшы» - Жубандыков Жалғас (Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ, Теректі ауд.);
«Үздік ойыншы» - Тұралы Алдияр (№44 ЖОББМ, Орал қ.);
«Үздік байланыстырушы» - Талғат Темірлан (Ы.Алтынсарин ат.ЖОББМ, Теректі ауд.);
«Үздік шабуылдаушы» - Бейбіт Арман (№44 ЖОББМ, Орал қ.);
«Үздік ойыншы» - Имангалиев Алижан (№1 Жәнібек мектеп-лицейі, Жәнібек ауд.);
Қыздар арасында:
1 орын – №4 ЖОББМ (Бөрлі ауданы)
2 орын – №9 ЖОББМ (Орал қаласы)
3 орын – А.Оразбаева ат.ЖОББМ (Казталов ауданы)
Номинация бойынша:
«Үздік тосқауылшы» - Маликова Гүлназ (№4 ЖОББМ, Бөрлі ауданы);
«Үздік ойыншы» - Жанабаева Томирис (№9 ЖОББМ, Орал қ.);
«Үздік байланыстырушы» - Сейфолла Мейрамгүл (А.Оразбаева ат. ЖОББМ, Казталов ауданы);
«Үздік шабуылдаушы» -Байбатырова Лиана (№4 ЖОББМ, Бөрлі ауданы);