Балалар жылына арналған туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш 2022» туриадасының ақпараты

14-17 маусым күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылында балалар жылына арналған туристік көпсайыстан облыстық «Қарлығаш 2022» туриадасы далалық жағдайда өткізілді. Жарысқа Орал қаласы мен аудан орталығынан 10 команда барлығы қатысушы 84 оқушы қатысты. Бағдарламаға сай «Жеке», «Өткелдер», «Кросс-жорық», «Техникалық» қашықтықтары, «Үздік капитан», «Ыстық тағамдар», «Туристік тұрмыс және дағды» байқаулары ұйымдастырылды. Облыстық жарыс жоғары деңгейде өтті. Жалпыкомандалық есепте:

I орын – Ақжайық ауданының командасы;

II орын – Бөрлі ауданының командасы;

III орын – Жәнібек ауданының командасы.

Жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"