1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Aqjaiyq Fest» этнофестиваль шарасы

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен 1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған жазғы маусымның ашылу салтанаты (этнофестиваль) өткізіледі. Мақсаты: балалардың бойларына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңіру, бір-біріне және қоршаған ортаға деген құрмет, рухани мұраларды, тарихи және мәдени құндылықтарды сақтау және насихаттау, Қазақстан халқының достығы мен ұлтаралық келісімін нығайту.

Өткізілетін орны: «Евразия» туристік-сауықтыру кешені (Лагерная көш,6)

Өткізілетін уақыты: 01 маусым 2022 жыл сағат 14.00 – 17.00

Бағдарлама аясында «Әлем балалар көзімен» сурет көрмесі, аквагрим, ұлттық ойындар, қолөнершілер көрмесі, шатырлы лагерь, туристік кедергілер жолағы, спорттық ойындар, этноауыл, аттармен қыдыру, иттер көрмесі,  концерттік бағдарлама, спорттық бағдарлау, қайықпен серуен.

Анықтаманы төмендегі мекен-жайдан алуға болады:

Орал қаласы, Исатай батыр көшесі 71/1, Облыстық балалар мен  жасөспірімдер туризм және экология орталығы, тел/факс (8-7112) 52-58-87; 52-59-42 E-mail: evrasia_ Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Координатор: Асангалиева Мадина Султаналиевна 8 747 134 26 22

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"