Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу бойынша кеңес өтті

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК-ң сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетке көзқарасты қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес 30 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу бойынша кеңес өтті.

Кеңесте орталықтың заңгері Қ.Айденов сөз сөйледі. Өз сөзінде Қ.Айденов қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістермен таныстырды.

2020 жылғы 10 желтоқсанда күшіне енген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес орталық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық үшін әрқайсысының жауапкершілігі туралы еске салды. Ол адам және азамат ретінде этикалық мінез-құлық туралы және отставка немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту түріндегі шығу тетіктерін түсіндірді.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"