«Менің сүйікті – Оралым» экскурсиялық бағдарлау жарысы өтті

✅2022 жылдың 24 сәуір күні «Балалар жылы» аясында үйірмешілік «Менің сүйікті – Оралым» экскурсиялық бағдарлау жарысы өтті.

Жарыс оқушылардың білімдерін, танымдық қасиеттерін арттыру, Орал қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерін танып білу мақсатында ұйымдастырылды.

Орталық үйірмешілерінен 21 команда қатысты. Экскурсиялық бағдарлау жарысы Орал қаласының орталық алаңында өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар «Тілсіз» карта арқылы алаңда орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді тауып тест сұрақтарына жауап берді.

Жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей орындар белгіленді:

Кіші топ:

І орын – «Приуральевед» үйірмесі (жет.Ф.Сарсенгалиев);

ІІ орын – «Жас тұлға» үйірмесі (жет.Т.Ғайнеден).

Орта топ:

І орын – «Жігер» үйірмесі (жет. Д.Ибраев);

ІІ орын – «Руханият» үйірмесі (жет. Г.Ескалиева);

ІІІ орын – «Эдельвейс» үйірмесі (жет.К.Неталиева);

ІІІ орын – «Сокол -1» үйірмесі ( жет.Ж.Джумагазиев).

Жоғары топ

І орын – «КСиНТ» үйірмесі ( жет. С.Бисемалиев);

IІ орын –«Жас турист- өлкетанушылар» үйірмесі (жет. Р.Альмуханова);

ІІІ орын – «Атамекен» үйірмесі ( жет.М.Нәсіпқалиев);

ІІІ орын– «Болашақ 1» үйірмесі (жет. А. Мукашева).

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"