«Наурыз-татулықпен бірліктің мерекесі» атты квест ойындары өтті

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жоспарына сай, «Самал» туристік лагерінің ұйымдастыруымен балалар жылына орай"Мұрагер","Жайық жұлдызы","Креатив","Жас шебер","Радуга","Этюд","Акварель", "Сокол", "Беркут" үйірме оқушыларына «Наурыз-татулықпен бірліктің мерекесі» атты квест ойындары өтті. Шара барысында командалар жетекші станциялардан алынған тапсырмаларды орындай отырып, шығармашылық, тапқырлық және эрудиция бойынша жарысқа түсті. Квест "Әуен"бекеті,"Көктем"бекеті,"Алпамыс батыр"бекеті,"Шашу"бекетінен құралды. Соңында қорытындылап Алғыс хат пен жақсы тілек жазылған конфет үлестіріліп, шағын сыйлықтар табысталды.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"