«Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналының №1 саны жарық көрді

✅✅✅Республикалық «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналының (№KZ40VPV00044511) 2022 жылғы №1 саны жарық көріп, өз оқырманына жол тартты.

Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы А.М. Темірханованың Алғысөзімен басталған журналдың мұқабасы балалар туризмімен жұмыстанғанына 20 жыл болған қалалық «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына арналды.

Журналда өлкетанушылар А.Ш. Құрымбаевтың «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына 20 жыл!», А.Қ. Батырхановтың «22 боздақ - 22 тағдыр» мақалалары, қосымша білім беру педагогтарына қажетті спорттық бағдарлау, туризм бағытындағы әдістемелік жұмыстар мен бағдарламалар, ашық сабақтар жарияланды.

Құрметті педагог, журнал Сіздерден жаңа ізденістер мен қызықты танымды сабақтар күтеді! Жазылуға үлгермегендер жыл бойы редакция арқылы үзбей жазылуға болады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"