🥇Құттықтаймыз!!!

2022 жылдың 14-17 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Бобровка ауылында шаңғымен спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының Кубогі өткізілді. Батыс Қазақстан облысының құрама командасы қатарында Орал қаласы, ОБЖТжЭО, Бәйтерек және Теректі аудандарының таңдаулы оқушылары сынға түсті.

Өңіріміздің спортшылары барлық қашықтықта бәсекелестік танытып жекелеген сында төмендегідей нәтижелер көрсетті:

16 жасар қыздар арасында:

- Губашева Алина «Орта» қашықтығында 3 орын, «Ұзақ» пен «Спринт» қашықтарында 2 орын;

- Амангелдиева Шынар «Ұзақ» пен «Спринт» қашықтарында 3 орын;

20 жасар ұлдар арасында:

-Козловский Илья «Ұзақ», "Орта" мен «Спринт» қашықтарында 3 орынға иеленді.

Басқа спортшыларымыз да осы чемпионатта үздік бестіктен үнемі көрініп, мол тәжірибе жинады.

Жарысқа республикамыздың өңірлерінен 7 команда қатысты:

Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы және Нұр-Сұлтан қаласы. Жалпы қатысушылар саны 165 спортшы. Командалар «Орта» қашықтығы, «Ұзақ қашықтығы», «Командалық эстафета», «Спринт» қашықтығы бойынша сынға түсті.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"