«Айбын-2020» әскери патриоттық жиыны

«Айбын-2020» әскери патриоттық жиыны елімізде жастарды патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып отыратын​ іс-шара болып табылады. Аталған шараға облыс командасы қатысып 2018 жылы жалпыкомандалық есепте 2 орын және 2019 жылы жалпыкомандалық ​ есепте 1 орын иеленген болатын.

Биылғы жылы карантин жағдайына байланысты «Айбын-2020» әскеи-патриоттық жиыны қашықтықтан ұйымдастырылуда. Жиынға Орал ақпараттық технологиялар колледжі, политехникалық колледж, ​ жоғары агро техникалық колледжі, Бәйтерек колледжі және Қаратөбе ауданы колледждерінің оқушыларынан жасақталған ​ БҚО құрама командасы қатысып бақ сынауда. Команда жетекшілері Орал ақпараттық колледжі алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы – Аққалиев Марат Ізімғалиұлы және №41 ЖОББМ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"