«Ұлылардың ұлысы – Абай»

Ұлтымыздың ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ОБЖТжЭОрталығының кітапханасында педагогтардың қатысуларымен қазақ халқының ардақ тұтқан бірегей ғұламаның шығармашылығын насихаттап дәріптеу мақсатында  «Ұлылардың ұлысы - Абай» атты педагогикалық оқу шарасы өткізілді.

Алдымен шараның ашылу шымылдығын ОБЖТжЭОрталығының директоры Ғалым Ибатоллаұлы ақынның баға жетпес мұрасын ұғындыру және кейінгі ұрпаққа жеткізу әр адамзат баласы үшін парызымыз және Ұлы Абай рухы әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға  екенін айтты. Ұлы ақын өмірінен және осы шараға қатысушы педагогтар ақынның әр қырынан танылған тағылымды мәні зор шығармаларына қатысты баяндамаларынан оқып, «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»  кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрме мақсаты Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылығын терең түсініп қадірлей білетін ұрпақ тәрбиелеу, әлемдік әдебиет пен мәдениеттің асыл жауһары ретінде Абай мұраларын таныту арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрметтеу  екені айтылып және ақынның сөзіне жазылған «Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалып қазақтың лирик мәртебесі биік ақынның асыл жырлары мен рухани сусын алар мол мұрасы мәңгі өлмек емес. Әрдайым ұрпақ жадынан өшпеуі тиіс деп түсінік беріліп, шара соңында педагогтарға алғыс хаттар табыс етілді.

 

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"