Қосымша білім беру педагогтарын далалық жорықтарға дайындау семинар-машық

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, балалармен туристік - өлкетану және экологиялық жұмыстын ұйымдастыратын педагог кадрлардың біліктілігін, шеберлігтерін арттыру және сапалы даярлау мақсатында 2020 жылдың 13-қазанында қосымша білім беру педагогтерін дала жорықтарына (велосипед жорығы) дайындау бойынша семинар-практикумы өткізілді.

Семинар бағдарламасы бойынша ұзақтығы 24 км  ОБЖТжЭО - мәдениет және демалыс паркі  - Рыбцех ауылы -  «Евразия" ТСК  бағыты бойынша велосипед жорығы  жасалды. Орналасу орнына келгеннен кейін веложорық қатысушылары дала жағдайында лагерь құрды, онда шатыр орнату, от жағу, алауда тамақ дайындау бойынша дағдылар пысықталды.

Күннің екінші жартысында лекторлар психологиялық тренинг, сондай-ақ спорттық бағдарлау және спорттық туризм бойынша практикалық сабақтар өткізді. Педагогтар жергілікті жерде бағдарлауды, компаспен және картамен жұмыс істеуді, байлам байлауды, туристік кедергілер жолағынан өту тактикасы мен техникасын үйренді.

Семинар-практикумды өткізу барысында алынған білім мен дағдыларды педагогтар үйірме оқушыларының игеруіне пайдалана алады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"