Ақтөбеден келген қонақтар

2019 жылдың 28 – 30 қазан аралығында Ақтөбе қаласының №23 орта мектебінің оқушылары Орал қаласында үшкүндік танымдық эскурсиясында болды. Келген қонақтар Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының ыңғайлы да жайлы «Бивуак» ТЭК-да орналастырылды.

Туристік топқа «Орал – Қазақстанның көне қаласы» танымдық экскурсиясы Орал қаласы бойынша ұйымдастырылды. Экскурсия барысында Облыстық тарихи-өлкетану, Е.Пугачев музейлерінде, қаламыздың Тұңғыш Президент  саябағында, оқушылар сарайында және Жайық қалашығының бастау алған жері –«Куреньи» аумағында болды.Сонымен қатар оқушылар туристік лагерлер «Самал» және «Евразия»-да болып демалыстарын жақсы аяқтады.

ТК "Евразия"

ТЛ "Самал"